ASX

Жарқын сырт пішін, мықты мінез

MITSUBISHI ASX — БҰЛ СІЗДІҢ ӨМІР САЛТЫҢЫЗҒА СӘЙКЕС ЖАСАЛҒАН АВТОМОБИЛЬ.
Өз ASX-іңізті дәл
қазір брондаңыз
Выбор автомобиля

Салонда бар болуымен шектелмей,

автомобильді таңдау

Без предоплаты

АЛДЫН АЛА ТӨЛЕМСІЗ

және сатып алушының тарапынан міндеттемелерсіз

Ұнаған
автомобильді таңдаңыз

Егер бар автомобильдер сіздің сұрауларыңызға жауап бермесе, Сіз автокөлікті жоспарланған жеткізілімдерден таңдай аласыз.

Ниет туралы
келісім жасаңыз

Ниет туралы келісім автомобильді одан әрі сатып алу туралы міндеттемелерді көздемейді және алдын-ала төлем талап етпейді.

Ойыңызды өзгерттіңіз бе?
Мәселе емес

Сіз ниет туралы шарттан бас тартып, автомобильді сатып алмауыңызға болады. Ештеңе төлеудің қажеті жоқ.

СЕНІМДІ ЖӘНЕ ТӨЗІМДІ

MIVEC сенімді
атмосфералық қозғалтқыштары

Mitsubishi ASX бұрыннан таныс және тексерілген 1,6 л (117 а.к.) қозғалтқыштармен 5-сатылы механикалық трансмиссиямен және 2,0 литр invecs-III вариаторымен біріктіріліп жабдықталған. ASX қозғалтқышының көлемі 2,0 л жеңіл алюминий цилиндр блогының негізінде жасалған және 150 а.к. қуатын дамытады, бұл қала көшелерінде де, қала сыртындағы тас жолдарда да жағдайды бақылауда ұстауға мүмкіндік береді.

Mivec технологиясы (MITSUBISHI газ тарату фазаларын басқарудың инновациялық электрондық жүйесі) иінді біліктің төмен және жоғары айналу жиіліктерінде газ тарату фазаларының оңтайлы өзгеруін қамтамасыз етеді, бұл бұрылыстар кезінде де, тіке жолмен қозғалу кезінде де қозғалтқыштың максималды қуатын іске асыруға мүмкіндік береді.

1,6 литрлік қозғалтқыш (117 а.к.) MIVEC жүйесімен жабдықталған, бұл оның отын тиімділігі мен динамикасын арттырады.

СЕНІМДІЛІК БЕРЕТІН

Электронды басқарылатын
толық жетек жүйесі

Сенімді толық жетекті трансмиссияларды әзірлеудің көпжылдық тәжірибесі бізге MITSUBISHI ASX-та ең заманауи технологияларды іске асыруға мүмкіндік берді. Бұл кроссовер электронды басқарылатын толық жетек жүйесімен жабдықталған*.

Орталық қосқыштың көмегімен жүйе жол жағдайына немесе ауа-райына байланысты үш толық жетек режимінің бірін таңдауға мүмкіндік береді. Еден консоліндегі қосқышпен күрделі жағдайларда жақсы басқаруды қамтамасыз ету үшін ASX-тің оңтайлы жұмыс режимін таңдаңыз — үнемді 2WD-ден 4WD LOCK-қа дейін.

* Қозғалтқыш көлемі 2,0 литр автомобильдер үшін

2WD режимі: пкәдімгі алдыңғы жетекті автомобильмен салыстырымды отын тиімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

4WD AUTO режимі: вбұл режимде айналатын сәт барлық дөңгелектерге беріледі және оның таралуы жол жағдайларына байланысты автоматты түрде реттеледі. Ол қатты желде, тас жолда немесе тайғақ жолда орнықтылықты қамтамасыз етеді.

4WD LOCK режимі: бұл режимді тік төбеден көтерілгенде немесе төмен түскенде, жолсыздықта немесе қарлы немесе қатты ластанған жерден шыққанда пайдаланылады.

ASTC (active stability traction control)

Бағыттық тұрақтылықтың динамикалық жүйесі және тайып кетуге қарсы жүйе

HSA (hill start assist)

Көтерілу кезінде көмек көрсету жүйесі

КӨҢІЛ-КҮЙ ЖАСАУШЫ
Mitsubishi Motors мультимедиялық жүйесі смартфонмен1 үйлесімді. Динамик жүйесімен оңай қоңырау шалыңыз, сүйікті музыкаңызды тыңдаңыз, картаны экранға шығарыңыз.
ӨЛШЕМДЕРІ БОЙЫНША ОҢТАЙЛЫ
Қала ағынында өзіңізді жайлы сезіну үшін жеткілікті жинақы және тұрақ табу оңай, сонымен қатар қажет нәрсенің бәрін өзіңмен бірге алуға жетерліктей сыйымды. 215 см әсерлі клиренсі нашар жол жабынымен жеңіл күресуге мүмкіндік береді.
Үйлесімді
Mitsubishi ASX динамикалық қалалық кроссовері Dynamic Shield фирмалық торының арқасында көліктер легінде оңай танылады. Оның сыртқы түрін экспрессивті жарықдиодты шамдар мен шанақтың ұшатын сызықтары толықтырады.
ЭРГОНОМИКАЛЫҚ
Ыңғайлы қолдау көрсететін орындықтар, кең салон, қарапайым және оңай оқылатын аспап-құралдар тақтасы. 60/40 жиналмалы және жолаушыларға орын қалдырып, үлкен жүктерді орналастыруға мүмкіндік беретін артқы орындықтар.
қалада керегінің өзі